Саран қаласында келіншек пен екі бала ыстан уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Саран қаласында әйел мен екі балаға ыс тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері осы ақпаратты растады.

«27 наурыз күні 08:04-те көмір жағылатын пештегі ақау салдарынан ыс тиген 1987 жылғы әйел мен 2005 және 2013 жылғы екі бала ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.