- Бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, жазғы мектеп жанындағы лагерьлерде демалыстарын ұйымдастыруға және үйірмелер мен секцияларға тегін баруы үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселелері шешілді. 1-4 сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтарын ашу мәселесі жаңа оқу жылының басында шешілетін болады. Шахтинск және Саран қалаларында балабақшаларда тамақтануға 50% жеңілдік беру мәселесі шешілді, ал қалған өңірлерде бұл сұрақ әлі де қарастырылуда, - деп мәлімдеді Есенғазы Иманғалиев.
Қарағанды облысында көп балалы отбасыларда жалпы есептегенде 15 507 бала тәрбиеленуде. Оның 14 125-і мектеп оқушылары болса, 1 382-і балабақшаға барады.