Саран шахтасында кенші қаза тапты
16:00, 08 Қараша 2019
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Саран шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 6 қарашада болды. Аталмыш кен орны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қарасты. Компания басшылығы оқиға орын алған бетте дереу тиісті мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымын хабардар еткенін мәлімдеді.
«Кеншінің қаза тапқаны жайлы жақындарына шахта әкімшілігі мен кәсіподақ өкілдері естіртті. Кәсіпорын жұмысы тоқтатылды», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.
Жазатайым оқиғаны тексеру мақсатында мемлекеттік комиссия құрылды.