Рейтингтің көшін OPPO K13 Turbo 5G бастады. Бағасы 300 АҚШ долларынан төмен бұл модель Nubia, OPPO, vivo, Xiaomi және HONOR компанияларының флагмандық смартфондарын басып озды.
Смартфон пайдаланушылардан 96,83% оң баға алған. Ол Dimensity 8450 процессорымен, 6,8 дюймдік AMOLED дисплейімен, 7000 мА·сағ сыйымдылықтағы батареясымен, 80 Вт жылдам қуаттау жүйесімен және 50+2 мегапиксельді қос камерамен жабдықталған.
Сарапшылардың пікірінше, модельдің жоғары бағалануына қолжетімді бағасы мен техникалық мүмкіндіктерінің үйлесімі себеп болған. Алайда оның басты кемшілігі — камерасының қарапайым болуы.
Екінші орынға Nubia Z80 Ultra жайғасты. Бұл модель 96,67% оң пікір жинаған. Смартфон Snapdragon 8 Elite процессорымен, 144 Гц жаңарту жиілігі бар 6,85 дюймдік AMOLED экранымен, 7200 мА·сағ батареясымен және 90 Вт қуаттау жүйесімен жабдықталған.
Құрылғының камера блогына 50 мегапиксельді негізгі модуль, 50 мегапиксельді ультра кең бұрышты камера және 64 мегапиксельді перископиялық телефото камера кіреді. Бұған дейін бұл смартфон рейтингте бірінші орында тұрған. Сарапшылар оның көше фотосуреттеріне қолайлы объективтерін және жеке түсіру батырмасын ерекше атап өтті.
Үшінші орын OPPO Find X8 Ultra моделіне бұйырды. Ол 95,37% оң баға жинаған.
Смартфон Snapdragon 8 Elite чипімен, 6,82 дюймдік 2K AMOLED дисплейімен, 6100 мА·сағ батареясымен, 100 Вт сымды және 50 Вт сымсыз қуаттау жүйесімен жабдықталған.
Камера жүйесіне 50 мегапиксельді негізгі, 50 мегапиксельді ультра кең бұрышты, 50 мегапиксельді үш есе оптикалық зумы бар телефото және 2 мегапиксельді Danxia Original Color модулі кіреді. Сонымен қатар құрылғыда Hasselblad компаниясының түс беру технологиясы қолданылған.
OPPO Find X8 Ultra осымен қатарынан үшінші ай үздік үштік қатарынан түспей келеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай кәдімгі смартфон арқылы алғашқы спутниктік қоңырау жасады.