Сарапшы АҚШ-тың ФРЖ шешімі теңгеге қалай әсер ететіндігін айтып берді
«Біз ФРЖ мөлшерлемесінің жоғарылатылғанынан соң, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 318-325 көлемінде сақталады деп болжап отырмыз. Рубльдің долларға шаққандағы бағамы 58-59 рубль деңгейінде қалуы ықтимал. Бірақ қысқа уақытқа 60 рубльға дейін көтерілуі де ғажап емес. Теңге рубль жұбына келетін болсақ, 1 рубль 5,35-5,5 теңге аралығында болады. Еуро/доллар 1,07-1,076 аралығында сақталады. Федералдық резервтік жүйесінің мөлшерлемесі өскенімен, аталған валюталарда тұрақтылық сақталады. Себебі оның өсетіні күтілген болатын», - деп атап өтті Наталья Мильчакова «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.
Оның үстіне, сарапшының сөзінше, Федералдық резервтік жүйесінен жеткен жаңалықтар қазақстандық валютаға үлкен қысым жасамайды.
«Қазақстандық валюта сенімді тұр. Теңге бағамының өзге валюталарға шаққандағы бағамы мұнай бағасына, макроэкономикалық көрсеткіштерге және қаржылық бақылау органдарының инфляцияны ауыздықтау қабілеттілігіне байланысты болмақ. Біздің болжам бойынша, биыл Қазақстанда азық-түліктік бағалардың инфляциясы 8-8,5 пайыз деңгейінде болады», - деп атап өтті ол.
Айта кету керек, бүгін Brent маркалы мұнайдың бір баррелі ФРЖ мөлшерлемесінің өскенінен кейін $52 дейін көтерілді. Жақын күндері оның құны барреліне $53 дейін өсуі болжануда.
Айта кетейік, бұның алдында хабарланғанындай, АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі сәрсенбі, 15 наурызда, базалық пайыздық ставканы 0,5-0,75-тен 0,75-1 пайызға көтерді.