«Статистиканы біріктіру - Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған өте дұрыс шешім болды», - дейді Светлана Понамарева.
Ол статистикаға өткен кезеңді де кіргізу керектігін айтты.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған код бойынша есепке алу тамыз айынан басталды. Бірізділік болу үшін өткен кезеңдегі жағдайларды да есепке алу керек деп санаймын. ДДСҰ ұсынысы кейін болғанын түсінеміз, бірақ оған дейінгі кезеңде ауырып, емделіп алғандар бар. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін оларға да сараптама жасап, бір тәсіл бойынша статистика беру керек», - дейді ол.