«Қасым-Жомарт Кемелұлының жоғары нәтижеге жетуі - бір жағынан заңды. Әлбетте, күткеніміздей Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың ресми қорытындысы - «Еxit poll» сауалнамасынан аса бір алшақ болмағанына куә болдық. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси тұлғасынен бөлек, республиканы аралап, сайлауалды штабының атқарған жұмысы, сондай-ақ, оған қолдау білдіріп отырған Елбасының бөлекше сенімі - бұның бәрі оны басқа үміткерлерден қарағанда алға сүйрейтін факторлар деп айтуға болады», - деді сарапшы.
Нұрғали Нұртай өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың әділ өтетініне кепілдік бергенін, сайлау күні халықтың бір кісідей белсенділік танытқанын айтып өтті.
«Сайлаудың нәтижесін қарайтын болсаңыз, қалалардан гөрі өңірлерде белсенділік көбірек болған. Бұл енді біздің қоғамның өзгеріске, жаңа бетбұрысқа деген сұранысын көрсетіп отыр. Менің ойымша, сайлаудың әділдігі - электораттың белсенділігімен өлшенеді. Ал біздің сайлаушылар бұл сайлауға белсенді түрде қатысты», - деді Нұрғали Нұртай.
Еске сала кетсек, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергенін жария еткен болатын.
«Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249 дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 процент дауысын, Дания Еспаева 478 153 дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 процент дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе сайлаушылардың 16,02 процент дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 процент дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 процент дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 процент дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын жинады», - деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.