«Балалардың иммунитеті әлсіз емес, тек дамымаған. Егер екпе қойылса, бұл өз кезегінде бала иммунитетіне даму үшін ынталандыру жасалды дегенді білдіреді», - деді дәрігер Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда.
Оның сөзіне қарағанда, иммунизация жасалған балалар вакцина егілген ауруларға көбіне шалдықпайды немесе өте сирек ауырады және ол жеңіл формада өтеді. Иммундық жүйе үшін екпе қорғанысты іске қосатын механизм.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Виктория Виниченко 2019 жылы вакцинадан бас тартудың 6 003 фактісі тіркелгенін, бұл өз кезегінде 1 пайыздан кем, яғни 0,12 пайыз шамасында екенін атап өтті.