Сарапшы Головкин мен Джейкобстың жеңу мүмкіндігін бірдей деп бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Allboxing.ru сайтының редакторы Юрий Тарантин қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Даниэль Джейкобс кездесуіне қатысты Sports.kz сұрақтарына жауап берді.

- Головкин мен Джейкобс командалары саудаласуға дейін келісе алды. Қалай ойлайсыз, олар  әлде әдейі дүрліктіріп жүр ме?

- Жоқ, менің ойымша, мұнда бәрі айдан анық және мәселе тек қана ақшаға тіреліп тұр. Саудаласу жүрді, қос тарап бір-бірімен келісімге келе алды.

- Джейкобсты Головкин мансабындағы ең мықты қарсылас деп атауға бола ма?

- Дәл солай. Джейкобс - жақсы мектептен шыққан мықты боксшы. Ол шапшаң, қағылез әрі оның соққылары ауыр. Сондай-ақ, оның орта салмақ үшін тым ірі екенін аңғарған жөн.

- Аталған кездесуге қандай болжам жасайсыз?

- Головкиннің айқасында мүмкіндіктер 50 де 50 болады деп ешқашан ойламаппын. Бірақ, бұл кездесу екеуі үшін де ауыр болмақ. Головкин жүз пайыздық дайындықта болады деп үміттенемін.