Сарапшы «Канелоның» соңғы айқастағы басты қателігін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ESPN телеарнасының сарапшысы Давид Файтельсон мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің және оның командасының ресейлік Дмитрий Биволмен өткен айқастағы басты қателігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің ойымша, мұның бәрі дұрыс бағаламаудан болды. «Канело» мен оның командасы Биволды таңдап қателесті. Бокс - бұл стиль. Бұл ретте Бивол жартылай ауыр салмақтағы чемпиондардың ішіндегі ең қиын қарсыласы болды. Ол Бетербиевке, Смитке немесе басқа да жартылай ауыр салмақтағыларға қарағанда көбірек және жақсы жұдырықтасады», - деп санайды Файтельсон.

Жеңілістен кейін бірден «Канело» Биволдан реванш өткізуді талап етті. Оған ресейлік боксшы келісімін берді. Осылайша, қыркүйек айына жоспарланған «Головкин-Канело» трилогиясы кейінге шегерілетін болады.