Ғалымның пікірінше, Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда президенттік жүйе бар.
«Қазіргі кездегі күрделі халықаралық жағдайға бейімделу үшін осы жүйені өзгерту қажет», - дейді ол.
Бұл ретте ол Оңтүстік Кореяның да парламент пен соттардың орнын күшейткелі жатқандығын атап өтті.
Профессордың пікірінше, Қазақстанда 25 жылда президенттік билік экономиканың қарқынды дамуы мен тұрақтылықтың сақталуына зор үлес қосқан, алайда дамудың жаңа кезеңіне өту үшін өзгеріс қажет.
«ТМД-ның көптеген елінде президенттік биліктің күші басым. Ал Қазақстан осы жүйені өзгертуге ниетті. Егер өзгертсе, бұл бірегей жағдай болмақ. Онда елде демократияландырудың маңызды кезеңі басталады деген сөз»,-дейді Ом Гу Хо.