«Нұр Отан партиясының идеялық жолы - центризм саясатының жетістігінде жатыр. Осы бағыт ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да еңбегін көрсете түседі. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсетіп отырғандай, біздің азаматтар центризм идеясын кең ауқымда қолдайды. Центризм түсінігінің өзін салыстырмалы түрде ұғуға болады. Бүкіл партиялық жүйе маңызды мәселелер мен бағыттарды елеп-екшей алады», - дейді сарапшы.
Айман Жүсіпованың айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік саясатқа маңыз беріліп отыр. Бұл ретте орасан зор ресурсқа ие партияның міндеті - осы мәселелердің нақты мән-жайын айқындау болмақ.
«Демек, «Нұр Отан» партиясының жұмысы Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу сапасын бақылауға, халықпен кері байланыс орнатуға, азаматтар мен билік арасында медиатор болуға бағытталуы керек. Қоғамдық бақылау және қоғамдық қабылдау деген секілді бастамалар сәтті жоба бола білді. Қазіргі таңда партия заманға сай ақпараттық-коммуникация құралдарының көмегімен азаматтарды қабылдауды бастап кетті. Партияның қамтып отырған аудториясы әлеуметтік желіні есептеген 6 миллион адамға жетеді. Сонымен бірге, азаматтардан келген ұсыныстардың бәрі де партияның жұмысында көрініс беріп, бағдарламалық құжаттарға да енуі керек», - дейді сарапшы.
Айман Жүсіпова атап өткендей, бүгінгі күні партия жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін өз жұмысын қайта құрылымдау механизмін іздестіру үстінде. Бұл міндетті Президент 2017 жылы жүктеген еді.
«2018 жылы партия төрағасының бірінші орынбасары болып Мәулен Әшімбаев тағайындалған болатын. Партия жұмысын қайта құрылымдау аясында пікірталас алаңдары құрылды. Бұл бағыт әлбетте, партия жұмысының маңызды бағыты саналады. Ол жұмыс аймақтық деңгейге де шығу керек. Сонымен бірге, Президент қойған міндеттерді орындау үшін партия жұмысын қайта құрылымдау ауқымды әрі жүйелі сипатқа ие болуы тиіс. Жалпы, партияның жұмысы азаматтардың мәселелерін орнында ескеріп, халыққа ашық әрі түсінікті сипатқа ие болуы керек», - дейді ол.