«Индустриалды құрылыс комбинаттарын құру 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. ҚР аумағында ірі панелді үй құрылысы технологиясын енгізу «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында қарастырылған».
Ірі панельді үй құрылысы технологиясы Ресей мен Беларуста кеңінен қолданылады, осы технологияны пайдалану арқасында тұрғын үй проблемасын жақсартуға қол жеткізіледі. Ірі панельді құрылыс қарқынды арттырып, құрылысты арзандатуға, оның мәдениеті мен сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Ірі панельді үй құрылысының заманауи технологиялары барлық пайдалану сапалары бойынша бүгінгі күннің нормативті талаптарына сай келеді.
ҮҚК жобаларын жүзеге асыру тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайтып әрі халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін одан ары арттыруға, тұрғын үй құрылысын индустрияландыруды дамытуға мүмкіндік береді.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру арқылы мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты - әр түрлі санаттағы азаматтарымызды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасау жүзеге асырылады.