Сарапшы: Садриддин Ахмедов - жеңіс үшін бәріне дайын ымырасыз боксшы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 жастағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) кәсіпқой бокстағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол - жастар арасындағы WBC титулының және бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуінің иегері.

Sports.kz порталы ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті ВикторДемьяненкодан жас боксшының кәсіби біліктілігі, оның Канададан Америкаға ауысуы керек пе - солжайында сұрап білген еді.

«Ахмедов маған өте ұнайды. Ол жеңіс үшін бәріне дайын, сонымен қатар саналуан жәнеымырасыз спортшы. Ол текалға ұмтылады, дегеніне жету үшін тынымсыз еңбектенеді. Канада мен АҚШ арасындағы айырмашылықты көріп тұрған жоқпын. АҚШ-таамерикалықтармен жұдырықтасады деген бос әңгіме, ол Канадада да солай. Екі елкөрші орналасқан, телевидение ортақ. Бір айта кететіні – жас спортшы өз арнасына түсіп, кереккезінде жарқ етіп көзге түсуі керек. Бірақ Ахмедовтың бойында бәрі бар, оныңмақсатқа ұмтылған дайындығы айқын көрініп тұрады», - дейді Виктор Демьяненко.

Еске сала кетейік, Садриддин Ахмедов канадалық Тетфор Мине қаласындағытоғызыншы жекпе-жегінің бірінші раундында мексикалық Дэниэль Вега Котаны (14-3-1, 11 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар