«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы уақытқа дейін сарапшылар айтып өткендей, қоғам мен билік арасындағы көпір іспеттес. Кейінгі айларда өзіңіз көргендей, Мемлекет басшысы Ұлттық кеңестің әрбір мүшесімен жеке-жеке кездесіп, экономикалық, әлеуметтік, саяси аспекттерді түрлендіру жолдарын кеңінен талқылаған болатын. Сарапшылардың, Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары Мемлекет басшысының дәл бүгін көтерген бастамаларының негізі болып отыр», - деді сарапшы ҚазАқпарат тілшісіне.
Сіләмжар Ахметжаров бүгінгі ұсыныстардың ішінде саяси тұрғыдағы ұсыныстарды ерекше назар аударғанын айтады.
«Президент көтерген бастамалардың қай-қайсысының да маңызы зор. Саяси партиялардың мүшелерін тіркеуді 40 мыңнан 20 мыңға азайту, жала жапқаны үшін қарастырылған баптың декриминализациясын, митингтердің ескертуші сипаттарын көріп отырмыз. Осынау өзгерістердің бәрі – біздің елдің саяси алаңның либерализациясын көрсетеді. Яғни, саяси алаңның бәсекесі арта түсті. Бұл дегеніңіз басқа да саяси партиялардың Парламентке енуіне жағдай жасалып, олардың осы жолдағы кедергілері жойылып жатқанын көрсетеді», - деді ол.