«LP»-ның топ парақшасына енген 10 қаланың тізімі мынадай: 1.Вашингтон (АҚШ) 2. Эль-Чальтен (Аргентина) 3. Милан (Италия) 4. Церматт (Швейцария) 5. Валлетта (Мальта) 6. Пловдив (Болгария) 7. Салисбери (Великобритания) 8. Вена (Австрия) 9. Ченнаи (Индия) 10. Торонто (Канада). Үздік қаланы таңдауда ерекше бір талап қойылмаған, оған сол жылы өтетін түрлі шаралар да себеп бола алған. Мысалы, Вашингтонды мұражай санының көптігі мен сантүрлі гастрономия үшін таңдаса, Канаданың Торонто қаласы 2015 жылы өтетін «Pan American Games» ойындарына байланысты іріктеуден өткен.
01:40, 23 Қазан 2014
Сарапшылар 2015 жылы саяхаттап баруға болатын қалалар тізімін жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Lonely Planet» басылымы бірнеше талаптарды ескере отырып, 2015 жылы саяхаттауға болатын 10 қаланың тізімін жасады. Іріктелген қалалар көшін АҚШ астанасы бастап тұр. Сарапшылардың пікірінше, Вашингтон туристер үшін 2015 жылы әлемдегі ең қызықты қала болмақ.