«Алдымен, сайлауда Трамп жеңеді деген болжам алғаш айтыла бастағанда бағам бір доллар үшін 340 теңдеген 341 теңгеге дейін өсіп кетті. Бұл осы сәттегі мұнай бағасының төмендегенімен байланысты болды. Бірақ, содан соң нарық бұл жаңалыққа үйреніп, оң ұстаным негізінде қабылдады. Кеше америкалық нарықтар мұнай бағасының 1% өсімімен жабылып, қайта қалпына келді, түсті металдар, алтын бағасы өсті. Нәтижесінде, біз көріп отырғанымыздай, теңге бағамы қайтадан нығая түсті», - деп хабарлады «Asyl Invest» компаниясының сарапшысы Нұрлан Рахымбаев Қазақпарат тілшісіне.
Оның айтуынша, шикізаттық нарықтың реакциясына қарасақ, Дональд Трамптың билікке келуімен қорқынышты ештеңе болмағандығын аңғаруға болады. «Менің ойымша, мұнай бағасы қалыпқа келгеннен кейін, бұл шиізат нарығы үшін оң әсер әкелуі мүмкін. Қандай да бір өсімдер болуы мүмкін, бірақ теңге үшін елеулі салдар әкелмейді», - деп есептейді Нұрлан Рахымбаев.
«Almagest» компаниясының бас директоры, экономист Айдархан Құсайынов неліктен Дональд Трамптың президенттікке сайлануы Қазақстан экономикасына және валюталар бағамына әсер етуі керек екендігін түсіне алар емес.
«Мұнай бағасы - бұл жаһандық қаржылық ойыншылардың нәтижесі, жаһандық қаржылық нарықтың қозғаушысы. Ал енді оған бір ғана тұлғаның әсерін әсірелеудің қажеті қанша. Трамп сайланғаннан кейін барлық әлемдік қаржылық нарық басқаша өмір сүрмейді ғой. (...) Біріншіден, Қазақстанда оның әсері онша қатты болмайды, себебі Қазақстанның АҚШ-пен байланысы әлсіздеу. Бізде ол елмен іс жүзінде сауда да дамымаған. Біздің сыртқы сауда айналымымыздың 95%-ы - Еуропамен, Ресеймен және Қытаймен байланысты. Екіншіден, бізде шетелдік инвесторлар өз саясатын Қазақстанға әсер ете алатындай етіп қайта қарастыратындай дамыған қор нарығы жоқ. Сондықтан да айтарлықтай өзгеріс бола қоймас», - деп ескертті Айдархан Құсаинов.
2012-2014 жылдары Ресейдің ең ықпалды қаржылық сарапшыларының 10-дығына кірген «Alpari» сарапшысы Анна Бодрова; «бизнесмен Трамптың америкалық президент тағында отыруы - капитал нарығы үшін жаңа құбылыс», - дейді. Оның сыртқы саясатпен және ішкі экономикамен не істейтіндігін ешкім де білмейді. «Бір нәрсе анық: ол ақшаны қалай жұмыс істетуді біледі», деп есептейді Анна Бодрова.
Естеріңізге салайық, АҚШ-тағы президенттік сайлау додасы сәрсенбі күні миллиардер Дональд Трамптың жеңіске жетуімен аяқталған болатын. Ол АҚШ-тың 45-ші президенті атанды.