Сарапшылар Dalal иіс суынан зиянды заттар таппады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда Шетпе ауылы мектебінде оқушылар уланғаннан кейін «Dalal» иіс суына тағайындалған сараптама нәтижесі дайын болды. Маңғыстау облысы тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінде зерттеу нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды Lada.kz.

Уланған оқушылардың бірінің ағасы Шетпе базарынан сатып алған иіс судан зиянды заттар табылмаған. Бұл туралы облыстық Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Рабиға Милибаева хабарлады.

«Кеше біз Астанадағы ұлттық сараптама орталығынан «Dalal» иіс суын зертханалық зерттеуін алдық. «Мамандар одан улы заттар таппады. Иіс судан улану расталмады»», - деді Рабиға Милибаева.

Эпидемиологтар балалардың өздерін нашар сезінуін әлсіреуден болуы ықтимал деп отыр. «Бәрінен бұрын нашар сезіну оқушылар ағзаларының жалпы әлсіреуінен туындауы мүмкін. Сынып іші желдетілмегендіктен ауа тарылып, соның салдарынан балаларға жаман әсер еткен болуы мүмкін», - деді департамент маманы Әлия Жұмажанова.

Естеріңізге сала кетсек, Маңғыстау ауданында оқу үдерісі кезінде иіс су қолданғаннан кейін алты оқушы аруханаға түскен болатын. Шетпе ауылының прокуратурасының талап етуі бойынша иіс су сараптамаға жіберілген еді.