2015 жылы Халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ) Қазақстанның солтүстік, орталық және батыс аймақтарын қосалқы вакциналауды қажет етпейтін аусылдан аулақ 9 облысқа бөлді. Сол жылы мемлекет Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарын вакциналау аймақтарына енгізу туралы өтініш берген еді.
«Біз мұндағы мал дәрігерлік бақылау, эпидемиологиялық сараптама және ауруды ерте кезден анықтау жүйесі қалай жүзеге асырылатындығын қадағаладық. Соңғы 6 жылда Қазақстан аусылмен күрес жолында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді», - деді тәуелсіз сарапшы Джозеф Доменик (Франция).
«ХЭБ ережелеріне сәйкес, біз жыл сайын аймақтардың аусылдан тазарғандығын эпизоотиялық бюроға дәлелдеп отыруымыз керек. Біздің өтінішіміз қабылданған жағдайда, қараша айының өзінде жасалған жұмыстарға есеп беруге міндеттіміз», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Жомарт Нүркенов.
Егер еліміздің 5 облысы аусыл кеселінен таза территория ретінде мойындалса, қазақстандық ет және сүт өнімдері тұтастай таза өнім ретінде бағаланып, отандық ауылшаруашылық өндірушілеріне өз тауарларын экспорттауға жаңа мүмкіндіктер туады.