Отырыс кезінде сарапшылар үш құжатты қарастырады деп жоспарлануда. Олардың арасында 2017 жылды ТМД-дағы Отан қорғаушылар жылы деп жариялау туралы шешімнің жобасы бар. "Соңғы бірнеше жыл көлемінде ТМД-да әр жылды ортақ тарихтың маңызды оқиғаларына, мемлекеттердің өмір сүру әрекетінің түрлі салаларына арнау дәстүрі қалыптасты. Ұлттық және ТМД-ға мүше-мемлекеттердің ортақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектің жоғары әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, 2017 жылды Достастықта Отан қорғаушылар жылы деп жариялау ұсынылады", - деп атап айтты ТМД Атқару комитетінде.
Сонымен қатар, отырыс кезінде сарапшылардың гуманитарлық минасыздандыру саласындағы Достастық елдері қарулы күштері инженерлік әскерлерінің ынтымақтастығы туралы, сондай-ақ, ТМД-ға мүше-мемлекеттердің қарулы күштерін топогеодезиялық және навигациялық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы жобалар талқыға салынбақ.