деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш құжат сот-сараптама қызметі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында сарапшының, сот-сараптама органы басшысының және сараптама жүргізуге қатысушылардың іс жүргізушілік құқықтары мен міндеттері нақтыланады. Онда сонымен қатар сарапшылардан бас тарту, әртүрлі сараптама түрлерін жүргізу шарттары, дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану мәселелері және өзге де жәйттер регламенттеледі.
Заң жобасы күшіне енсе, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстері мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ «Денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Лицензиялау туралы» сияқты Қазақстан Республикасының өзге де бірқатар заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.