«Біз сіздердің жетістіктеріңізбен қуанамыз. Жуырда ғана біздің елдеріміздің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құруға қол қойды. Сондықтан мұндай одақтың құрылуында осындай шаралармен қарым-қатынас жасап бастауымыз қуантады», - деді Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев.
Оның айтуынша, осы екі күн ішінде Астана мен Саратов облысы бизнес өкілдерінің арасында көптеген келісімдерге қол қойылды.
«Біздің бизнес миссиямыз тек іскерлікпен ғана емес, мәдени шаралармен де байланысты. Сондықтан бұл әріптестігіміз ұзаққа созылатынына сенімдімін», - деді ол.