Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, жексенбі күні түнде сағат 04:30-да Саратов облысының Петровский ауданында Нижний Новгород-Саратов тас жолының 547-ші шақырымында Volvo жүк көлігі мен Toyota жеңіл көлігі соқтығысқан.
«Алдын ала деректер бойынша, жол-көлік апаты салдарынан Қырғызстанның бес азаматы қаза тапты. Қайтыс болғандар анықталуда», - деп қосты баспасөз қызметінде.