Саратов түбіндегі жол апатынан төрт қазақстандық көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  РФ Саратов облысының Петров және Татщев аудандарының арасында болған жол апаты төрт адамның өмірін жалмады, деп хабарлады "Интерфакс-Поволжье" агенттігі.

РФ ІІМ өңірдегі қалалық басқарманың баспасөз хатшысы Дмитрий Рассказовтың хабарлауынша, жол-көлік апаты бейсенбі күні Мәскеу уақытымен таңғы 8-де болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, салонында төрт адам отырған «Форд» автокөлігі жоғары жылдамдықпен МАН жүк көлігіне соғысқан. Жеңіл көліктегі төрт жолаушы да сол мезетте қаза тапты.

Оқиға орнына қалалық ІІБ жетекшілігі барып, мән-жайын анықтауда.

Жеңіл көліктегі төрт жолаушының Қазақстан азаматтары екенін құқық қорғау органдары растады.