Сарайда 50 жыл сақталған Бентли 66 мың фунт стерлингке сатылды

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Фермердің сарайында 50 жылдан астам уақыт сақталған сирек кездесетін Bentley аукционда 66 мың фунт стерлингке сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Дорсеи ағылшын графтығының фермері 1954 жылы көлік сатып алған.

Бірақ 1968 жылы қозғалтқышы 3,5 литр болатын V5 істен шыққан кезде фермер оны фермадағы арба сарайына қойып қойған.

Ретро көлікті фермердің отбасы сәрсенбіде Хейнс Халықаралық автомобиль мұражайына сатты.

Бәсеке басты екі үміткердің арасында болды. Оның бірі Аустралиядан келген үміткер бағаны 58 мың фунт стерлингке дейін көтеріп, сауданы қыздырды.

Нәтижесінде көліктің соңғы құны 66 352 фунт стерлинг болды.

Бентли көлігі 1935 жылы конвейерден шығып, алдымен 1930 жылдары шотланд адвокатына тиесілі болған, бірақ кейіннен сатылып, Аустралияға жеткізілген.

Тек 1949 жылы ғана көлік Ұлыбританияға әкелінген.

Фото: Charterhouse