АСТАНА. ҚазАқпарат - Кашмирде үндістандық әскери өзімен қызметтес бес жауынгерді атып тастады. Осыдан кейін ол өзіне қол жұмсаған.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, бұл оқиға штаттың солтүстігіндегі әскери базада орын алды. Армия басшылығы әскер қатарындағы бұл оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізетінін жариялады.
Осыған байланысты жауынгердің күйзелісте болуы жағдайы тексерелетін болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.