«Елордада тәулігіне алғашқы зертханалық расталған 366 жағдай тіркелді. Оның ішінде 270 жағдай - симптомды, 96-сы - симптомсыз. Соңғы аптада 4 409 адам COVID-19 жұқтырған. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (13 627 жағдай) жағдайларды тіркеу саны 3 есе азайды. КВИ-мен ауырғандарды барынша анықтау мақсатында қалада 24 зертхана жұмыс істейді. Онда тәулігіне 11 мыңнан астам ПТР зерттеулер жүргізіледі», - деді ол.
Бас санитар дәрігердің мәліметінше, осы жылдың басынан бері елордада 282 114 зерттеу жүргізіліп, оның 83 351-і оң нәтиже көрсетті.
«Омикрон» жаңа штамының басты ерекшелігі- вирустың тез таралуы. Ол қалада анықталған сәттен бастап, яғни қаңтар айының басынан 7 ақпанға дейін барлығы 83 067 жағдай тіркелді. Бұл пандемия кезіндегі рекордтық айлық көрсеткіш саналады. Алайда, пациенттерді стационарларға жатқызу айтарлықтай қалыпты. Бұл, ең алдымен, вакцинацияланған тұрғындар мен қайта ауырып шыққан, яғни иммунитеті бар адамдар пайызының көптігіне байланысты. Қазір олар бұл толқыннан оңай өтуде», - деді Сархат Бейсенова.