Сарыағашта 7 жылға сотталған Ұлыбритания азаматы апелляциялық шағым берді

Фото: Фото: Pexels

Сарыағашта сот шешімімен 7 жылға сотталған Ұлыбритания азаматы апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Kazinform.

Өзімен бірге психотропты зат алып жүрді деп айыпталған Ұлыбритания азаматы Жібек жолы шекара бекетіне ұсталған болатын.

Сотталушының кінәсі сотқа дейінгі тергеу барысында және сот отырысында берілген куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сот тергеуінде зерттелген қылмыстық іс материалдарымен расталған.

Ол сот үкімімен ҚР ҚК 286-бабы 2-тармағының 5-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

«Сотталған ер адам сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым берді. Бүгінгі күні іс Түркістан облыстық сотының қылмыстық алқасында қаралып жатыр» делінген Түркістан облысы сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.