ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сарыағаш аудандық сотының бұрынғы төрағасы, судья Н.Шетенов қызметінен босталды.
«Сарыағаш аудандық сотының судьясы Шетенов Нұрқазы Бектайұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша босатылсын» - делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында.
Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты педофилді тексерген пробация қызметкері 2 жылға сотталған болатын. Ол қызмет барысында пробациялық бақылаудағы бұрын сотты болған азаматты қадағалау бойынша тиісті жұмыс жүргізбеді деп айыпталды.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.