Полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында аталған оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігін анықтады. Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды.
«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция ақиқатты анықтауға және заңды шешім қабылдауға бар күшін салады», - делінген Түркістан облысының полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Сарыағаш ауданында 3 жасар қыздың денесі дәретханадан табылған болатын.