«Сарыарқа» газ құбыры Ресей газ құбырымен қосылуы мүмкін
«Сарыарқа» газ құбырын Ресей газ құбырымен қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«2022 жылы «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2,3-кезегінің құрылысы» техникалық-экономикалық негіздемесі жасалған. «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырынан газ алатынын, оның алдыңғы 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңде 106 пайыз жүктелгенін ескере отырып, жобаны іске асыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 2-ші желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін мүмкін болады. Қазіргі уақытта «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының 2-ші желісінің құрылысы» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. 2024 жылдың 2-тоқсанында аяқталады. Жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланған», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Осы орайда министрлік «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры 4-ші кезегінің құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін түзету бойынша корпоративтік рәсімдерді бастағанын атап өтеді. Түзету аясында газ құбырының өткізу қабілетін сағатына 606 мың текше метрден 801 мың текше метрге дейін ұлғайту үшін 2 компрессорлық станса салу қарастырылады.
«Балама нұсқа ретінде «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын Ресей Федерациясының газ құбырымен қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. «Газпром» ЖАҚ еліміздің солтүстік-шығыс аймақтарын газдандыру жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ТЭН және бастапқы мәліметтерді алғаннан кейін (газ бағасы, газ құбырларының бағыттары және т.б.) газдандырудың оңтайлы нұсқасы әзірленетін болады», - деді ведомстводан.