«Сарыарқа» сауда орталығындағы өрт оқшауланды – Төтенше жағдайлар министрлігі
12:30, 26 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық өрт сөндірушілер «Сарыарқа» сауда орталығындағы өртті оқшаулады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
— Өрт сауда орталығының бас ғимаратына жалғасатын 2 қабатты ғимаратта және ғимараттың жабынында шыққан. Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Ведомство зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін атап өтті.
Өртті сөндіруге 10 бірлік техника және 50-ге жуық жеке құрам жұмылдырылды. Өрт 50 ш.м. алаңда жойылды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқиға орнында ТЖМ ӨҚҚК төрағасының орынбасары Қанат Доспаев жұмыс істеп жатыр.