«2024 жылғы 2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды. Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», — делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қазір әскери қызметшінің денсаулық жағдайы бірқалыпты.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — дейді құрлық әскерінен.