Ұлытау облысында тепловоз бен локомотив соғысып қалды

АСТАНА.KAZINFORM — Бұл апта ішіндегі темір жол бойында болған екінші апат. Бүгін Сарысу разъезінде тепловоз бен локомотив соқтығысып, салдарынан бригада мүшелері орташа дәрежеде зиян шеккен. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«15 қазан күні 10 сағат 10 минутта теміржол бойында Сарысу разъезінде тепловоз бен локомотив соғысып қалды. Нәтижесінде бес бос жартылай вагон мен локомотив аударылды. Локомотив бригада құрамы орташа дәрежеде жарақат алды. Оқиға басқа пойыздар қозғалысына және магистральдық желі жұмысына әсер еткен жоқ», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін темір жол көлігімен экспорттауға тыйым салатынын жазған болатынбыз.