Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті - Жетісу облысы Сарқан ауданының тұрғындары жаппай судан уланып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сарқан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде судағы микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер санитариялық нормаға сәйкес келетіні анықталды. Сонымен қатар, тұрғындар аудандық ауруханаға улану туралы шағымдарымен жүгінген жоқ», - деп түсініктеме берді Ержан Байтанаев.