Саркози кәсіподақтармен келіссөз жүргізуден бас тартты

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Францияда соңғы кезде үлкен дау туғызып отырған заң жобасы бүгін Сенаттың дауыс беруіне шығарылады. Ол соңғы бір апта бойы жалғасып отырған ереуілдерге себеп болған зейнетақы реформасына қатысты заң жобасы, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Елде теміржол және қала көліктерінің жұмыстары бұзылды. Ереуілшілер мұнай өнімдері сақталатын қоймаларды қоршап алғандықтан, елдегі май құю стансаларының ширек бөлігіне бензин жеткізілмей отыр. Кәсіподақтар елді электр қуатынсыз және газсыз қалдыратындарын айтып, қоқан-лоқы жасауда.

Солшылдар оппозициясы Саркозиге заң жобасының қаралуын уақытша тоқтатып, кәсіподақтармен келіссөздерді бастау туралы ұсыныс жасады. Бірақ президент бұл ұсынысты қабылдамай отыр. Қазір Сенат ғимараты полицияның күшейтілген күзетінде.

Жаңа заң жобасындағы халықтың наразылығын туғызып отырған мәселе - зейнет жасының 60-тан 62 жасқа дейін көтерілуі болып отыр.