деп хабарлайды Euronews.
ВЕСТИ.ru хабарлағандай, олар еуро аймағындағы және Еуроодақ елдерінің биржаларындағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде мүмкін шараларды талқылады. Сарапшылардың пікірінше, кез келген қабылданған шара баға белгілеу және биржалық алаңдардың iскерлiк белсендiлiгі деңгейіне сөзсiз әсер етеді.
Бастапқыда Париж бен Берлин мемлекеттік қарыздарды одан әрі өтеуге қатысты ЕО тарапынан кепілдік құратын еурооблигациялар шығару жөнінде бірыңғай бағыт ұстанады деп жоспарланды.
Дегенмен кездесуге бір күн қалғанда герман билігі өз бюджетіне қосымша салмақ түседі деген қауіппен, ресми түрде бұл бағалы қағаздар «жағдайды жақсартудың дұрыс және нақты жолы» емес деп мәлімдеді.
Нарықтар еуроаймақ экономикасының жетекші екі көшбасшысының кездесу қорытындысын тағатсыздана күтіп отыр.