Саркози мұсылмандар франциялық қоғамға сіңісуі қажет деп есептейді
Николя Саркози Монтень Институты жүргізген зерттеуге қатысты мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, Францияда тұратын мұсылмандардың 29% елдің заңын мойындамай, шариғат нормаларына сәйкес жүруді жөн санайды.
«Республикалық интеграция жұмыс істемеген, қазір де істеп жатқан жоқ. Ассимиляцияға (бір халықтың екінші халыққа сіңісіп кетушілігі - ред.) көшу керек. Шариғатты ғана басшылыққа алатын қоғамның 29% асырай алмаймыз, бұл жауапсыздық», - деді Саркози.
Президенттікке үміткер франциялық қоғамда мұсылмандардың қоғамға сіңісу үдерісін кең талқылануын қолдап, исламофобия айыбынан қорықпауға шақырды.
«Бұл (мұсылмандар мен лаңкестер арасындағы - ред.) дұрыс емес. Алайда, барлығы біріге алады. Менің түсінігімде «Ислам» сөзін айтсаң бітті бәрі исламофобия деп шығады. Осы дұрыс па?», - деді Николя Саркози.