Елдің оңтүстігіндегі Монпелье қаласынан пошта арқылы жөнелтілген хатты қауіпсіздік қызметі кеше ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиостансасына сілтеме жасап.
Тергеушілердің пікірінше, осы хат пен Монпелье тұрғыны
2007 жылдың соңы мен 2008 жылдың басында оңшыл партия өкілдерінің аттарына жолданған хаттардың арасында айқын байланыс бар.
Полиция ол азаматты сол кезде ұстап, былтыр көктемде босатқан болатын. Ол - армияда инженер-электроншы болып жұмыс істеп, қысқартудың салдарынан жұмыстан босап қалған отставкадағы әскери адам.