деп хабарлайды BNews.kz.
Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, Олландқа сайлаушылардың 27,95%-ы, Саркозиге - 26,86%-ы дауыс берді.
Үшінші нәтиже Ұлттық майдан көшбасшысы Марин Ле Пеннің еншісінде. Ол 19,06% дауыс жинады. Бұл көрсеткіш осы партияның бірнеше жылдарға созылатын сайлауға қатысу тарихындағы ең рекордтық жетістігі.
Сайлау қорытындысы бойынша, 22 сәуірде Франциядағы президент сайлауының екінші айналымына Социалдық партия атынан ұсынылған кандидат Франсуа Олланд пен қазіргі президент Николя Саркози өтті, деп хабарлайды ақпараттық агенттіктер сайлау учаскесінен шыққандар арасында жүргізілген сауалнаманың ресми мәліметтеріне сүйене отырып.
Президент сайлауының екінші айналымы 6 мамырда өтеді.