Карла Бруни бас кезінде өзінің жағдайы туралы көпшілік алдында сөз қозғағысы келмей, ұзақ уақыт бойы нәрестелі болатынын жасырған. Алайда бірнеше ай өткен соң ол сұхбат беріп, Николя Саркози екеуі үшін бұл «күтпеген қуаныш» екенін айтқан.
Босанарынан бірнеше күн бұрын Карла Бруни Париждегі ең беделді емханалардың біріне жатқызылған.
Естеріңізге сала кетейік, Франция президенті осымен төртінші рет әке атанып отыр.