Саркозиге қандай айып тағылды?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиге «беделін сатты» деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Саркози Парижге жақын Нантерр қаласында жемқорлыққа қарсы полиция басқармасының кеңсесіне өз еркімен келгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Экс-президент үлкен дауға ұласқан «Бетанкур ісіне» қатысты құпия материалдарды тамыр-таныстары арқылы алып отырған деп айыпталуда. Айта кетейік, Бетанкурге тағылған айыптар әлі күнге дейін күшінде.