Сәрсен Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Сәрсен Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ қазақтың спорт және туризм академиясы мен «Қазтұтыну» одағы Қарағанды экономикалық университетінің түлегі. Мамандығы – философия, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтанушы.

Сәрсен Абайұлы еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы «№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2003–2023 жылдар аралығында жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымында еңбек етті.