«2014 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сәрсен Абайұлы Құранбек Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды»,-делінген аталған ведомство мәліметінде.
Бұған дейін ол «Қазақстан Барысы» жобасының атқарушы директоры қызметін атқарған болатын. Қазақ күресін дамытуға елеулі үлесін қосқан білікті маман енді бұқаралық спорттың дамуын қадағаламақ.