Сәрсенбі - 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қазан күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді.

Алматы облысының Жаланашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болжанады.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген бөліктерінде тұман күтіледі.