ҚР аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, онымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаяу бұрқасынмен қар, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, оңтүстікте тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.
00:13, 14 Желтоқсан 2022
Сәрсенбі күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 14 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.