Сәрсенбі күні ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 15 ақпан күні болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпаратг.

Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасының басым бөлігіндегі құбылмалы ауа райы болжанады. Соған байланысты қар, республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар және жаңбыр түрінде), желдің күшейюі, жаяу бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қалың қар түседі.