Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасындатып, секундына 15-22 метр жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы өткінші жел болжануда.
Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей аумақтарында желдің күші секудына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарында - тұманды болады.
Жамбыл облысының кей өңірлерінде тұман мен көктайғақ күтілуде.