Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Павлодар облысында жел күшейіп, екпіні 20 м/с-қа дейін барады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, желдің күші 15-20 м/с болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да боран соғып, жел күшейеді. Алматы облысының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі.