Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді
07:32, 04 Маусым 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсені күні, 4 маусымда республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аумағында күн райы ашық болады.
Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтерілуі күтілуде.
Түнде Қарағанды облысында кей жерлерде топырақ қабатының 0 градустан 2 градуске дейін суытуы сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аптап ыстық болады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.